$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда Голливуд кинолары көрсетіле бере ме?

Қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Дәурен Абаевтың төрағалығымен еліміздегі киноиндустрияны дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Оған кинопрокат нарығында танылған отандық компаниялардың басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Голливудтың үш студиясы - Universal Pictures, Warner Bros. және Paramount Pictures-бұрын бекітілген кестеге сәйкес қазақстандық көрермендерге өз картиналарын ұсынуды жалғастырады.

Walt Disney Company және Sony компанияларымен отандық кинопрокатшылар ҚР МСМ қатысуымен тікелей келіссөздер жүргізуде. Тиісті келісімдерге қол жеткізу үшін айтарлықтай кедергілер жоқ. Келіссөздер нәтижесі мен қазақстандық кинотеатрлардың одан әрі жұмысының басқа да егжей-тегжейі туралы қосымша хабарланады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары