$ 494.87  520.65  4.91

Елордада Линейный саябағында жаңа тұрғын үй салынбайтын болды

2022 жылы елордада 200-ден астам қоғамдық кеңістікті, аулалар мен гүлзарларды абаттандыру жоспарланып отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда Линейный саябағында жаңа тұрғын үй кешені салынбайтын болды, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Әкімдіктің хабарлауынша, құрылыс салушыға өзге жер телімдері ұсынылады.

«Caspian Palace» ТК және «Palazzo degli Affari» БО арасындағы аумақта Сығанақ, Ә.Бөкейханұлы, сондай-ақ Керей, Жәнібек хандар көшелері және Мәңгілік Ел даңғылы квадратында бұрын жоспарланған көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің орнына (№77 мектеп ауданы) тұрғындарға ыңғайлы болу үшін гүлзар салынады. Айта кету керек, жер учаскесі – құрылыс салушының жекеменшігі, егжей-тегжейлі жоспарлау барысында көппәтерлі тұрғын үй кешені скверге өзгертілді», - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Сонымен бірге, әкімдік «Қалалық романс» тұрғын үй кешені ауданындағы жалпы білім беретін мектептің құрылысы жайлы айтып берді.

«2022 жылы 18 ақпанда «Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының инженерлік, көлік инфрақұрылымын және қала құрылысы аспектілерін ұйымдастыру жөніндегі» жұмыс тобының кеңесінде мынадай мәселе қаралды – осыған дейін жоспарланған көппәтерлі тұрғын үй кешендері құрылысының орнына (Ә.Тыныбаев, А.Храпатый және А11, А12 көшелерінің квадратында) мектеп салу үшін жер учаскесінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету мәселесі талқыланды. Жер – құрылыс жүргізушінің жекеменшігі», - деп түсіндірді әкімдік.

Одан бөлек, қолданыстағы жан-жақты жоспарлау жобасына сәйкес, Бұқар жырау және Ә. Бөкейханұлы көшелерінің қиылысында жалпы білім беретін мектеп, сол сияқты балабақша және Ақниет көшесінің бойына желекжол салу қарастырылған. Жер – құрылыс салушының жекеменшігі, бұрын бұл орынға тұрғын үй кешенінің құрылысы жоспарланған.

Қала әкімдігі Қабанбай батыр даңғылындағы Керей, Жәнібек хандар және Орынбор көшелерінің аралығында орналасқан медициналық орталықтың құрылысына қатысты жауап берді.

«Қала тұрғындарымен өткен кездесулерде айтылғандай, Қабанбай батыр даңғылы бойында Керей, Жәнібек хандар және Орынбор көшелерінің арасындағы жер теліміне медициналық орталық салынады. Бұған дейін «Астана-Мед» ЖШС-ға зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін «Медициналық орталық» нысанын жобалауға рұқсат берілген болатын. Бірақ 2021 жылы «Астана-Мед» ЖШС аталған аумақта құрылыс-монтаждау жұмыстарын тиісті рұқсат құжаттарынсыз бастады. Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы құрылыс салушыға қатысты шаралар қабылданып, құрылысы тоқтатылды. Қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес аталған учаскеде тек медициналық орталықты салу ғана көзделгенін атап өткен жөн. Елорданың кейбір аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайта қаралды», - делінген хабарламада.

Үлкен және Кіші Талдыкөл бойынша эко-урбандалу қағидатына сәйкес, елорданың саябақ аймақтарымен интеграциялау жұмысы жүргізілуде. Осыған дейін хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда Үлкен және Кіші Талдыкөл аумағында экопарк ашылады. Оған 1 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Қазіргі уақытта Үлкен Талдыкөл бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Кіші Талдыкөл су нысанындағы су көлемін сақтап қана қоймай, толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары бойынша аулалар мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салуға көңіл бөлінеді.

2022 жылы елордада 200-ден астам қоғамдық кеңістікті, аулалар мен гүлзарларды абаттандыру жоспарланып отыр. Соңғы жылдардың өзінде 500 қоғамдық кеңістік пен аула салынды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары