$ 448.56  478.03  4.79

Экс-генералдары мен полковниктер Мәсімовке қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Тергеудің мәліметінше, ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Офицер кінәсін мойындамаған.

Қарулы күштердің бір топ экс-генералдары мен полковниктері Кәрім Мәсімовтың басшылығындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеген қылмыстық істер бойынша заңсыз сотталғанын мәлімдеді.

Полковник Мұхтар Қарабеков баспасөз мәслихатында 2017 жылы "Қазақстан инжиниринг" компаниясының қызметіне қатысты іс бойынша елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековпен бірге 4 жылға бас бостандығынан айырылғанын айтты.

Тергеудің мәліметінше, ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Офицер кінәсін мойындамаған.

"Барлығы ешбір дәлелсіз сотталды. Тінтуден ештеңе шықпады, жалғыз мүдделі тұлғаның куәлігі соттауға негіз болды.

Бүгінде Кәрім Мәсімовтен бастап ҰҚК-нің бүкіл басшылығы түрмеде отыр, олардың барлығының әскери қызметкерлерді заңсыз соттауға қатысы бар", - деді Қазақстан қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының экс-басшысы.

Мұхтар Қарабеков 157 әскери қызметкер заңсыз сотталғанын, оның 7-уі Жоғарғы соттың шешімімен ақталғанын айтты.

Полковник қылмыстық іске қатысушыларға еш қатысы жоқ екенін, сондықтан кінәсін мойындамағанын хабарлады. Сондай-ақ ол тергеу барысында өзіне қоқан-лоққы жасалғанын, ҰҚК басшысының экс-орынбасары, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштен қысым көргенін айтты.


Экс-әскери қызметшілер президент, жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтан қылмыстық озбырлықты тоқтатуды және сотталған барлық әскери қызметшіге тағылған айыпты алып тастауды сұрады.


Еске сала кетейік, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын.

sputnik.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары