$ 447.4  477.55  4.76

Мәсімовтен тәркіленген 11 көліктің бағасы қанша?

Kolesa.kz сарапшыларының көмегімен Кәрім Мәсімовтің тәркіленген автокөліктерінің құны бағаланды.
Фото: ulysmedia.kz
Фото: ulysmedia.kz

Күні кеше ҰҚК құзырлы органның экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің бизнес санаттағы 11 қымбат автокөлігін тәркілегенін хабарлады. БАҚ нарықта олардың құны қанша екенін анықтап көрді.

Informburio.kz Kolesa.kz сарапшыларының көмегімен Кәрім Мәсімовтің тәркіленген автокөліктерінің құны бағаланды.

Mercedes-Benz S 600 Guard (V222). Седан брондалған-guard нұсқасы. 2014 жылдан бері шығарылды. Зауыттан шыққан көліктің құны кем дегенде 950 мың доллар. Бағыс қорғаныс деңгейіне және конфигурациясына байланысты.

Сирек нұсқаға, сондай-ақ қорғаныстың белгісіз деңгейіне байланысты осы автомобиль үшін Қазақстан нарығындағы орташа бағаны есептеу мүмкін емес, деп атап өтті сарапшылар.

Nissan Patrol (Y62). 2010 жылдан 2013 жылға дейін шығарылды. Kolesa.kz-те орташа бағасы 2010 жылы шығарылған машина үшін 11,7 млн теңгеден 13,9 млн теңгеге дейін (2013) құрайды.

Infiniti QX80. 2017 жылдан бері шығарылады. Орташа бағасы Kolesa.kz 2018 жылы шығарылған автомобиль үшін 31,1 млн теңгеден бастап жаңа автомобиль үшін 51,9 млн теңгеге дейін құрайды.

Toyota Land Cruiser (J100). 2002 жылдан 2005 жылға дейін шығарылды. Орташа бағасы 2002 жылы шығарылған автомобиль үшін 7,3 млн теңгеден 2005 жылы шығарылған автомобиль үшін 10,9 млн теңгеге дейін құрайды.

Mini Countryman Cooper S ALL4 (R60). 2014 жылдан 2017 жылға дейін шығарылды. Нарықтағы ұсыныстардың аздығына байланысты бұл автомобиль үшін орташа бағаны анықтау мүмкін емес. Толық жетекті Cooper s бұл нұсқасы 2016 жылы шығарылған машина үшін 11 млн теңгеден басталады, деп атап өтті мамандар.

Volkswagen Multivan (T6). 2015 жылдан 2019 жылға дейін шығарылды. Орташа бағасы 2015 жылы шығарылған автомобиль үшін 21 млн теңгеден 2018 жылы шығарылған автомобиль үшін 35,3 млн теңгеге дейін құрайды. Сондай-ақ, мұндай автомобильдер нарығындағы ұсыныстар саны аз, ал бағасы опциялар мен конфигурацияға байланысты.

Volkswagen Caravelle (T6). 2015 жылдан 2019 жылға дейін шығарылды. Нарықтағы ұсыныстардың санына байланысты осы автомобиль үшін орташа бағаны анықтау мүмкін емес. Сатушылардың бірі Kolesa.kz-те 2017 жылғы осыған ұқсас минивэнді 13,8 млн теңгеге сатады.

Tesla Model 3. 2017 жылдан бастап шығарылады. Нарықтағы ұсыныстардың аздығына байланысты орташа бағаны анықтау мүмкін емес. Бағасы техникалық сипаттамаларға да байланысты. Kolesa.kz хабарландырында Model 3 2018 жылы шығарылған автокөлік үшін 20 млн теңгеден бастап жаңа машина үшін 37,5 млн теңгеге дейін баға бойынша ұсынылады. Қазақстанда Tesla маркалы электромобильдер ресми түрде сатылмайды. Оларды жеке тұлғалар немесе тапсырыс бойынша әкеледі.

JAC iEv7S. Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром"кәсіпорнында құрастырылған JAC маркалы Қытай электромобилі. Болжам бойынша, 2020 жылы шыққан. Екінші нарықта сатылымда аз кездеседі.

Автомобиль Қостанайда жиналып, JAC (Allur Group) автосалондарында сатылады, бірақ жаңа автомобильдердің бағасы белгісіз (ақпан айында ол 14,9 млн теңгені құрады). Дәл осындай электромобильдерді Медеудегі электротакси тұрағында көруге болады.

Mercedes-Benz Sprinter. 2018 жылдан бері шығарылады. Орташа бағаны Қазақстан нарығында ұқсас жылдармен ұсыныстардың болмауынан анықтау мүмкін емес. Құны жабдыққа және автокөлік өндірушісіне байланысты. Қазақстанның автокөлік нарығындағы бар ұсыныстарға сүйене отырып, құны 30 млн теңгеден асуы мүмкін деп болжауға болады.

ulysmedia.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары