Жаңалықтар 11.03.2022 сағат 18:00

АҚШ-тағы «болашақтық» дипломсыз әрі үйсіз қаламын деп дабыл қақты

Ол қазақстандықтарды шетелге оқуға жіберумен айналысатын “Болашақ” бағдарламасы тарапынан озбырлыққа тап болғанын айтады.
АҚШ-тағы «болашақтық» дипломсыз әрі үйсіз қаламын деп дабыл қақты
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Желіде өзін "Болашақ" бағдарламасының шәкіртақы иегері, Иллинойс университетінің студенті деп таныстырған Жалғас Орынбасаров есімді қолданушы АҚШ-тағы оқудан шығу, онымен қоса елдегі үйінен айырылу қалу қаупі жайлы жанайқайын жеткізді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол әңгімесін қазақстандықтарды шетелге оқуға жіберумен айналысатын “Болашақ” бағдарламасы тарапынан озбырлыққа тап болғанынан бастады.

“Қазір АҚШ-та оқудамын. Бұған дейін Болашаққа кепілге үйімді қойып, жұмыстан шығып, барлық қажетті емтиханды тапсырдым. Содан оқуға кірістім. АҚШ-қа келгеннен кейін оқуды бастағаныммен, Болашақ қысымына және шәкіртақыдан шет қалдыру қаупіне жолықтым. Ондай қорқыту сапарға аттанар алдында да болғанын жасырмаймын. Бұл барлық қорқытып-үркітуді бір кездері АҚШ-та оқу қымбат және университеттерден жеңілдіктер жоқ деп айтқаныммен байланыстырамын”, – дейді Жалғас.

Оның сөзінше, өзі оқитын университет ақысы рейтингі жоғары университеттерге қарағанда 40% қымбат. Айтуынша, аталған жерде білім алу шешімін амалсыз қабылдаған. Болашақ арқылы неғұрлым рейтингі жақсы және арзан университетке түсуді сұраған. Алайда Иллинойс университетіндегі басқа қазақстандықтар 4 семестр оқыса, оны 3 семестрлік оқу жоспарына қол қоюға мәжбүр еткен.

“Үйді кепілге қойып, ақшасыз қалғанымды пайдаланып, стипендиядан айыру және университет ақысын төлеуді өз мойныма алу қоқан-лоқысымен оқуға кетуге көндірді. Шығындарды азайтуға тырысқаныммен, оларға білім алуға қанша ақша жұмсалғаны маңызды емес. Бір семестрдегі оқу шамамен 25 мың долларды құрайды, ал мен бір семестр 19 мың доллар тұратын арзан университетке түсу мүмкіндігіне ие болдым, бірақ Болашақ бұдан бас тартты. Барлық қауіп-қатерлер мен қысым тек телефон арқылы көрсетіледі, жазбаша түрде жауап бермейді”, – деп шағымданды жазба иесі.

Сонымен қатар, Жалғас семестрде 3 пәннің орнына 6 пәнге ден қойып, жүктеме 2 есе артқан.

“Бойымды үйден айырылу қаупі билейді. Болашақтықтар өзің келістің деген сыңайда ашық жауаптан барынша жалтаруда. Неге мен басқалар сияқты оқи алмаймын дегенге әр адамға жағдай жеке қарастырылады дегенді келтіреді. Сонда бізде әр адам үшін заң әртүрлі ме? Шартқа сәйкес оқу жоспарын өзгертуге құқылы болсам да, Болашақтың бір топ қызметкері маған әдейі зиян келтіруге ымыраласып, пікірлерім үшін кек алып жатқандай”, – дейді ашынған студент.

Үйсіз-күйсіз, дипломсыз қалу қаупі әбден қобалжытып, оқудан береке кеткен АҚШ-тағы қазақстандық, Болашақ кураторымен, департамент директорымен, вице-президентпен сөйлесуге тырысқан. Тіпті Болашақтың жаңа президенті мәселесін қарауға құлықсыз екенін, куратор да қашқақтап жүргенін айтады. Болашақ университетпен шығындарды азайтуға келіспек түгілі, университеттің 4 семестр оқуға рұқсат бермеуіне күш салуда екен.

“Болашақ кез келген студентті басып-жаншу үшін барлық мүмкіндікке ие, жеке оқу жоспары арқылы өзінің ережелері мен оқуды ұйымдастыру туралы шартын кез-келген тұрғыда қолдана алады. Мен қазір Болашақтың осы озбырлығына қарсы тұру үшін кез келген қолдауды іздеп жүрмін. Білім министрлігі мен басқа да тараптар Болашақты қорғайтынын ескерсек, бұның оңай болмайтынын сезінемін. Бірақ әділдікке жетуде соңына дейін барамын, өйткені барлығынан айырылмақпын”, – дейді түйінінде Жалғас Орынбасаров.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар