12.03.2022, 01:30

Ресейде «Instagram» әлеуметтік желісі бұғатталды

Ресей Федерациясының аумағында Instagram әлеуметтік желісіне (Meta Platforms иелігінде) кіру шектеледі.

Роскомнадзор америкалық Meta компаниясының платформада ресейліктерді зорлық-зомбылыққа шақыратын жазбаларды жариялауға рұқсат беруіне байланысты Ресейдегі Instagram әлеуметтік желісіне кіруге шектеу қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ресей Федерациясының Бас прокуратурасының талабы негізінде Ресей Федерациясының аумағында Instagram әлеуметтік желісіне (Meta Platforms иелігінде) кіру шектеледі", - делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, платформада Ресей азаматтарына, соның ішінде әскери қызметкерлерге қарсы зорлық-зомбылық әрекеттеріне шақырулар бар материалдар таратылады.

Бұған дейін Ресейдің бас прокуратурасы "Роскомнадзордан" Instagram-ға кіруді шектеуді талап еткен. Департамент платформада ресейліктерді "зорлық-зомбылықпен жүретін тәртіпсіздіктерге" қатысуға шақырулар пайда болғанын атап өтті.

11 наурызда Кремльдің Facebook және Instagram әлеуметтік желілері ресейліктерге, оның ішінде әскери қызметкерлерге қарсы зорлық-зомбылық көрсету туралы үндеулерге тосқауыл қоймаса, қатаң шара қолдануға уәде бергені хабарланған.  

Бұған дейін Мемлекеттік Думаның Ақпараттық саясат жөніндегі комитетінің басшысы Александр Хинштейн Ресейде Instagram желісін бұғаттауды ұсынған болатын.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.