12.03.2022, 16:13

«Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп жатқан жоқ» - Бас прокуратура

Фото: ашық дереккөз
Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.

ҚР Бас прокуратурасы Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіп жатқан жоқ. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке қатысты оның «Астана LRT» ЖШС-дағы ұрлыққа қатыстылығы фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқаны туралы хабарлама таратылуда. Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», - делінген Бас прокуратура мәліметінде.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.