$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде дефолт пен азық-түлік тапшылығы болатыны рас па?

Автор адамдарды тез арада жылжымайтын мүлік сатып алуға, қолда бар ақшаны валютаға айырбастауға, сондай-ақ тез бұзылмайтын өнімдерді сатып алып, қор жасап алуға шақырады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі WhatsApp-та тарап жатқан Қазақстанда дефолт және азық-түлік тапшылығы болатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Автор адамдарды тез арада жылжымайтын мүлік сатып алуға, қолда бар ақшаны валютаға айырбастауға, сондай-ақ тез бұзылмайтын өнімдерді сатып алып, қор жасап алуға шақырады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тапшылығы болатыны туралы қауесетті жоққа шығарды.

«Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының үздіксіз жұмысы мәселесі тұрақты бақыланады. Жедел деректер бойынша, республика бойынша барлығы 1,5 млн тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) қоры бар, оның ішінде ұн – 145,1 мың тонна, қант – 47,6 мың тонна, күріш – 40,2 мың тонна, макарон – 21,3 мың тонна және 1 млн тонна көкөніс өнімдері және т.б., – деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ министрліктің хабарлауынша, елдегі азық-түлік қоры үнемі толықтырылып отырады. Ұн өндіру үшін жарма мен астық жеткілікті, ал мал басы ет өнімдерін өндіруге жеткілікті.

«Республика өз өндірісі есебінен ішкі астық нарығындағы қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз ете алады», – деп хабарлады АШМ.

Ведомство өкілдері Қазақстанда АӨК дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоспары іске асырылып жатқанын еске салды, оның аясында импортты алмастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Қазақстанда дефолтқа алғышарттар жоқ. Standard&Poor’s халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты». Агенттіктің деректеріне сәйкес, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың қайталама салдарын еңсеруге болады және Қазақстанда бұл мұнай мен газ экспортының негізгі нарықтарына қол жеткізуде іркілістерге әкелмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары