14.03.2022, 12:20

«Қаңтар оқиғасының сценарийі кем дегенде екі жыл бұрын дайындалған» – адвокат

Фото: ашық дереккөз
Адвокат Айман Омарова кәсіби дайындықтағы топтар Қазақстандағы қаңтар оқиғаларына кемінде екі жыл дайындалғанын айтты.

Адвокат Айман Омарова кәсіби дайындықтағы топтар Қазақстандағы қаңтар оқиғаларына кемінде екі жыл дайындалғанын айтты.

Омарованың айтуынша, оқиғалар ертерек ақпараттық дайындықтан басталған.

– Қаңтар оқиғасының сценарийі кем дегенді екі жыл дайындалған, дегенмен террористік топтар туралы ақпарат бұрын-соңды болмаған. Көптеген адамдар мұның бәрі бейбіт митингілерден басталды деп қателеседі. Шындығында, бәрі әлдеқайда ертерек – оқиғаларға ақпараттық дайындықтан бастаған. Бейбіт митингілер-біз өз көзімізбен көргеніміздің басы ғана,- деді Омарова мәжіліс отырысында.

Сонымен қатар, адвокат Омарова митингіге шыққандар арасында тіл білмейтін азиялықтар көп болғанын айтты.

– 5 қаңтарда митингіге шыққандар арасында қазақша да, орысша да білмейтін азиялықтар көп болды, – дейді адвокат.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.