$ 494.87  520.65  4.91

Әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін бе?

Депутат Айдос Сарым әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жаңа заң қабылданғаннан кейін Қазақстанда әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген Айдос Сарым азаматтардың пікірі толық ескерілгенін айтты.

"Мұндай норма бар деген сөз ол қолданылады дегенді білдірмейді. Әңгіме кибербуллинг, Қазақстан заңнамасын қасақана бұзу және әлеуметтік желілердің талаптары бойынша қалыпты механизмді жолға қою туралы болып отыр. Бізде мұндай норма бар деген әңгіме жауыз мемлекет дегенді білдірмейді. Ертең бірінен соң бірін іске қосады (бұғаттау. - ескерт.) дегенді де білдірмейді. Бұл - азаматтық қоғамда бар алармизм мен сенімсіздік", - деді Сарым.

Мәжілісменнің пікірінше, кәсіби медиақоғамдастық өкілдері  бұғатталуы мүмкін деген ақпаратты айтады. Оның айтуынша, "кез келген бастаманы, ол қандай бағытта болса да, алаңдаушылықпен қабылдайды".

"10-12 жыл бұрын заңнама телекомпаниялар филиалдарын тіркеуді өзгертті. Сол кезде де осындай болды. Сол ұйымдар: "бұл заң қабылданса, қазақстандықтарға телеарналар қолжетімді болмайды" деп айқайлады. Ешкім ештеңе жоғалтқан жоқ, барлығы қарап отыр", - деді Сарым.

Депутат азаматтарға уайымдаудың қажеті жоқ екенін айтты. Норма заңға бағынатын азаматтарға, блогерлер мен қолданушыларға қатысты болмайды.

"Енді осы мәселелердің барлығына жауап беретін уәкілетті орган - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін жасадық. Естеріңізде болса, бұрын қандай да бір сайт өшіп қалса, "Қазақтелеком", ҰҚК немесе басқа біреу айналыса ма белгісіз еді. Енді олай болмайды", - деп түйіндеді Сарым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары