$ 494.87  520.65  4.91

СІМ Мариупольдегі 18 қазақстандықпен бес күннен бері байланысқа шыға алмай отыр

Отандастарымыз Украинаның Мариуполь қаласында қамалып қалған.
Қазақстандық дипломаттар 10 наурыздан бері республиканың 18 азаматымен байланысқа шыға алмай отыр. Отандастарымыз Украинаның Мариуполь қаласында қамалып қалған.
 
"Қазақстанның Украинадағы елшілігінің ақпаратынша, Мариуполь қаласында қалған Қазақстан азаматтарының жалпы саны – 18 адам. Электр энергиясы мен телефон байланысының өшірілгеніне байланысты олармен хабарласу мүмкін болмай отыр", - деді сыртқы істер министрлігі.
 
РИА Новости хабарлағандай, Азов жағалауындағы ірі қала Мариупольде ДХР күштері мен украин әскерлері арасында қақтығыс болып жатыр. Қалада бейбіт тұрғындарды шығару мәселесі әлі күнге дейін өзекті.
 
Министрлік, сондай-ақ, Украинада қалып қойған қазақстандық алысқа қатынайтын жүргізушілер туралы да айтты. 57 қазақстандық ауыр жүк көлігінің 51-і дипломаттар көмегімен Украина аумағынан шыққан. Ал қалған алты көлікке қажетті көмек көрсетілуде.
 
Қазіргі таңда Украинадан Қазақстанға 587 азамат оралды. Олар төрт репатриациялық рейспен эвакуацияланды. Сейсенбі, 15 наурызда елорда уақытымен 08:50-де Польшаның Катовице қаласынан бортында 89 Қазақстан азаматы бар бесінші эвакуациялық ұшақ ұшып шықты. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
sputnik.kz
 
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары