Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қарулы Күштерінде кадрлық өзгерістер жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Қайдар Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды. Бұл қызметке Мереке Күчекбаев тағайындалды – ол ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Аэро-десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.
Алмаз Жұмакеев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды» делінген хабарламада.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.