$ 494.87  520.65  4.91

«Тоқаевтың супер-президенттік жүйенің ескіргенін алға тартуы оның халықтық басқару жүйесін нығайтуға бет алғанын көрсетеді» - Расул Жұмалы

Тоқаев супер-президенттік жүйенің ескіргенін алға тарта отырып өзінің партиялық мүшелікте болмайтынын мәлімдеді және лауазымдарының бірталайын Парламентке беріп оның әлеуетін күшейтпек. Осылайша халықтық басқару жүйесі нығая түспек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі үндеуі көпшіліктің көңілінде жүрген мәселелерге жауап берді. Ең бастысы - түрлі іштегі де сырттағы тәуекелдерге бой ұсынбай демократиялық реформалар жалғасын табады. Ұлттық Құрылтайдың құрылатыны, жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту мен әкімдерді таңдау, жаңа партияларға жол ашу, адам құқықтарының қорғалуын жетілдіру секілді нақты қадамдар іске аспақ. Сондағысы Қасым-Жомарт Кемелұлы супер-президенттік жүйенің ескіргенін алға тарта отырып өзінің партиялық мүшелікте болмайтынын мәлімдеді және лауазымдарының бірталайын Парламентке беріп оның әлеуетін күшейтпек. Осылайша халықтық басқару жүйесі нығая түспек.

Бұдан бұрын орын алған олқылықтарды жою мақсатында Президент туыстарының мемлекеттік қызмет пен ұлттық компанияларда жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Барша Алаш баласын ерекше қуантқан жаңалық - кезінде қысқарып қалған Жезқазған, Семей өңірлеріне облыс мәртебесін беріп оларды жаңғырту, сондай-ақ Алматы облысын әкімшілік басқару жүйесін жетілдіру үшін екіге бөлу. Оларға берілмек атаулардан Қазақтың иісі аңқып тұр - тиісінше Ұлытау, Абай, Жетісу.

Әрине, Президент бүгін жасаған ұсыныстар мен міндеттер әлде-қайда кең ауқымдағы ұғынуды талап етеді. Алайда қазірдің өзінде әділетті қоғам мен ел игілігін басымдық ретінде алған Жаңа Қазақстан тұжырымы іске асып жатқаны күмән тудырмас.

Расул Жұмалы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары