Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жолдады. Ол Жолдауда көптеген мәселелерге тоқталды. Соның бірі - әкімдерді тағайындау.
“Әкім тағайындау туралы ережелерге өзгерістер енгізіп, президент балама негізде екі әкімді ұсынады. Олардың қарқын қабілеттеріне қарай отырып президент мәслихат таңдаған тұлғаны әкімдік қызметке тағайындайтын болады. Бұл жанама сайлау. Және президент мәслихат кеңесінсіз қала, облыс, аймақ әкімдерін қызметінен босата алады. Биліктің өкілді тармағын қайта пішімдеуге арналған барлық ұсыныстар жаңа Қазақстанның болашағын жандандыратын болады”, - деді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал осы кезде Президентті тыңдап отырған әкімдер назарға ілінді. Олар шаршап, маужырап отырды. Көпшілік әкімдердің бұл отырыстарын әжуаға айналдырды.
Oinet.kz
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.