17.03.2022, 09:20

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Фото: ашық дереккөз
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 304 723-ға жетті.

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 78 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 304 723-ға жетті.

Оның ішінде:

Нұр-сұлтан қаласында - 8, Алматы қаласында - 33, Шымкент қаласында - 1, Ақмола облысында - 2, Ақтөбе облысында - 1, Алматы облысында - 0, Атырау облысында - 1, ШҚО-да - 11, Жамбыл облысында - 1, БҚО-да - 1, Қарағанды облысында - 3, Қостанай облысында - 5, Қызылорда облысында - 0, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 1, СҚО-да - 9, Түркістан облысында - 0.