16 наурызда Жапонияның солтүстік-шығысында жергілікті уақыт бойынша сағат 23:36-да (Нұр-Сұлтан 20:36) жойқын жер сілкінісі болды. Бастапқыда елдің ұлттық метеорологиялық бюросы жариялаған мәліметте жер сілкінісінің күші 7,3 болса, кейін 7,4-ке көтерілген. Жерасты дүмпулері Тынық мұхитының Фукусима префектурасына жақын жерде 57 шақырым тереңдікте болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews және РИА Новостиге сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, жер сілкінісінен 126 адам зардап шегіп, екі адам қаза тапқан.
Оқиға салдарынан екі миллионға жуық үй электр жарығынсыз қалған, оның 700 мыңы - Токиода. Қазіргі уақытта электр қуаты қалпына келтірілді. Ивате, Мияги және Фукусима префектураларында төрт мыңнан астам үй шаруашылықтары сусыз қалған.
Жер сілкінісінен кейін метеорологтар 11 жыл бұрын толқыннан атом электр станциясына зақым келген Мияги және Фукусима провинцияларында цунами қаупі барын хабарлады. Алайда бірнеше сағаттан кейін цунами қаупі толығымен жойылған. "Фукусима-1" АЭС аймағындағы радиациялық фон жоғарылаған жоқ.
Бейсенбі күні таңертең аймақта магнитудасы 2,5-тен жоғары жел сілкінісі болды, ол қатарынан 20 рет қайталанған.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.