$ 494.87  520.65  4.91

Рудный тұрғыны төрт жасар баланың үстіне керосин құйып өртеп жіберген

Есікті ашқан әйел мен оның баласына керосин шашып, жағып жіберген.

Рудный тұрғыны көршісімен жанжалдан кейін әйел мен оның 4 жастағы баласына керосин шашып, жағып жіберген. Қазір Қостанай облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жантүршігерлік оқиға туралы аймақтық полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков өз Facebook парақшасында мәлімдеді. 

"16 наурызда Рудный қаласының кезекші бөліміне 44 жастағы ер адамның көршісінің есігін қаққаны туралы ақпарат түсті. Есікті ашқан әйел мен оның баласына керосин шашып, жағып жіберген", –  делінген полицейдің хабарламасында. 

Әйелдің білек тұсы күйген. Баланың жарақаты ауыр. Қазір ол ауруханада. 

"Жапа шеккен бала ауыр жарақаттармен жансақтау бөліміне жатқызылды. Денесінің 40%-ын күйік шалған. Қазір оның өмірі үшін дәрігерлер арпалысып жатыр. Анықталғандай, оқиғаға көршілер арасындағы жанжал себеп болған", - деп түсіндікті Ерлан Омарбеков. 

Күдікті қолға түскен, қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары