Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
«2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С.Боранбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады», - делінген ресми хабарламада.
Өзге мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.