17.03.2022, 18:00

Қайрат Боранбаев екі айға қамауға алынды

Фото: ашық дереккөз
Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

«2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С.Боранбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады», - делінген ресми хабарламада.

Өзге мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге ​​жатпайды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.