$ 494.87  520.65  4.91

Майнинг: Болат Назарбаев және Нығматулиннің үлестері бар фирмалар анықталды

Қаржылық мониторингі агенттігі тексеру нәтижесінде 55 майнинг фермалардың жұмысы тоқтатылғанын хабарлады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторингі агенттігі тексеру нәтижесінде 55 майнинг фермалардың жұмысы тоқтатылғанын хабарлады.

«Өз қызметтерін тоқтатқан майнингтік компаниялардың қатарында Павлодар облысында танымал кәсіпкерлер Болат Назарбаев және Александр Клебановпен үлестес фирмалар бар.

Сондай-ақ, солардың арасында «QazaqGaz «ұлттық компаниясы» АҚ-ның Ақтөбе облысындағы бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев және Қарағанды облысындағы танымал бизнесмендердің бірі Ерлан Нығматуллин болды», -деп хабарлайды.

Майнинг фермалармен айналысқандардың қатары мұнымен бітпейді. Агенттік мәліметіне қарағанда, заңсыз қызметті жүзеге асыратын майнингтік компаниялардың арасында Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің бірі Қайрат Итемгеновпен үлестес фирмалар болған және заңсыз майнинг қызметін ішкі істер министрлігі департаментінің бұрынғы басшысы Тілеген Маткеновпен байланысты компаниялар жүзеге асырған.

Крипто-валюта өндіретін майнинг фермалар туралы агенттік ақпаратында  «Крипто- ақша терроризмді қаржыландыру, қару-жарақ пен есірткі сатып алу құралы бола алады», – делінген.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары