$ 494.87  520.65  4.91

Неге көпшілік Шымкенттегі арнайы ХҚО-ға басып кірді?

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі ХҚО ұзын-сонар кезектің видеосы тарап жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Кадрларда адамдар ғимараттың кіреберісіне жүгіріп, қоршауға өрмелеп жатқанын көруге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі Шымкент қаласының №1 арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында шынында да С1 санаты бойынша көлік жүргізу құқығына тәжірибелік емтихан тапсырғысы келетіндердің кезегінің жиналып қалғанын растады.

«Бұл қаладағы екі автодромның бірінде техниканың жөндеуден өтуіне байланысты. Арнайы ХҚО-ның өзі әдеттегідей жұмыс істеп, көліктерді қайта тіркеуге және теориялық емтихан тапсыруға тапсырыс берушілерді қабылдауда» деді ХҚО баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ақпан айының соңынан бастап автодром жұмысын жалғастырып, көлік жүргізудің барлық санаттары бойынша тұтынушыларды қабылдай бастағаны хабарланды. Дегенмен осы уақыт ішінде тәжірибелік емтихан тапсыруға ниет білдірген азаматтардың қатары жиналып қалған. №1 арнаулы ХҚО-ға Шымкент қаласының тұрғындары ғана емес (халық саны – 1 миллионға жуық адам), бүкіл Түркістан облысының (халық саны – 2 миллионнан астам адам) жүгінуі жағдайды қиындатып отыр.

«Адамның көптігін ескере отырып, қазіргі уақытта арнайы ХҚО-ның жұмыс кестесі ұзартылды. Сондай-ақ, С1 санаты бойынша емтихан тапсыру үшін қосымша автокөлік бөлінді. С1 санатындағы көліктерге GPS датчиктерін орнату кезеңіне тәжірибелік емтихан өткізуді Шымкент полициясы мен уақытша комиссия пысықтап жатыр» деп қосты баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Түркістан облысында арнайы ХҚО ашу мәселесі шешілуде. 19, 20 және 23 наурызда Шымкент қаласындағы №1 арнайы ХҚО әдеттегідей сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары