20.03.2022, 04:34

Ресейде YouTube те бұғатталуы мүмкін

Бұл туралы ведомствоның Telegram-каналында айтылған.

18 наурызда Роскомнадзор Google LLC компаниясынан YouTube видеохостингінде Ресей Федерациясының азаматтарына қарсы қоқан-лоққы таратуды дереу тоқтатуды талап етті.

Бұл туралы ведомствоның Telegram-каналында айтылған.

Роскомнадзор хабарламасында YouTube әкімшілігінің әрекеті террористік сипатта және Ресей азаматтарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні айтылған.

Роскомнадзор мұндай жарнамалық науқандарға үзілді-кесілді қарсы және Google LLC компаниясынан Ресейге қарсы бейнероликтер  таратуды мүмкіндігінше тезірек тоқтатуды талап етеді.