Жол талғамайтын көлігіне «Z» белгісін тағып, қаланы аралап өткен Ақтау тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды Lada.kz.
Полицейлер ер адамды тоқтатып, үстінен үш рет әкімшілік кодексті бұзу фактісі бойынша хаттама толтырды.
Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» және ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы «Жолда көзделген талаптарды немесе жол белгілерін орындамау»бойынша жауапқа тартылды.
Айыппұлдың жалпы сомасы 24 504 теңге болды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.