21.03.2022, 06:25

Тәліптер Ауғанстанның туын ауыстырды

Фото: ашық дереккөз
Барлық мемлекеттік ұйымдарда Ауғанстанның бұрынғы мемлекеттік туын «Ауғанстан ислам әмірлігінің» туымен ауыстыру қажеттігі хабарланды.

Ауғанстандағы​​«Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстанның ұлттық үш түсті туына тыйым салғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Талибан» қозғалысының жарлығына сілтеме жасаған РИА Новости агенттігі бұдан былай елдегі және шетелдегі барлық мемлекеттік органдар қозғалыстың ақ туын пайдаланатынын жазды. «Талибан» шенеуніктеріне де үш түсті киім киюге тыйым салынды.

Барлық мемлекеттік ұйымдарда Ауғанстанның бұрынғы мемлекеттік туын «Ауғанстан ислам әмірлігінің» туымен ауыстыру қажеттігі хабарланды.

Тәліптер сол кездегі Ауғанстан президенті Ашраф Ғани бақылайтын күштерге қарсы белсенді шабуылды 2021 жылдың тамызында бастады, Кабулға басып кірген соң, 16 тамызда соғыстың аяқталғанын жариялады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.