22.03.2022, 10:40

Петропавлда жылу құбыры құлауынан соң ЖЭО-2 директоры мен бас инженері ұсталды

Фото: ашық дереккөз
Қадағалау органының хабарлауынша, қазір "Міндеттеріне адал қарамау" бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавл ЖЭО-2 директоры мен бас инженерінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қадағалау органының хабарлауынша, қазір "Міндеттеріне адал қарамау" бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Тергеу барысы прокурор мен облыстық полиция бастығының бақылауында.

"21 наурызда Облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес Петропавл қалалық ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына "ЖЭО-2" ЖШС-нің директоры мен серіктестіктің бас инженері қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде істің барлық мән-жайларын анықтау бойынша тергеу әрекеттері жүргізіледі. Бұл ретте облыс прокуратурасымен бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлердің әрекеті бағаланатын болады", – деді баспасөз қызметінде.

Еске салайық, 20 наурызда Петропавлдағы 2-ЖЭО-да үш мұржаның бірінің ішінара опырылды. Үйінді астында құтқарушылар кәсіпорынның 38 жастағы қызметкерін іздеп жатыр.