$ 494.87  520.65  4.91

Танымал футболшы Дэвид Бекхем өз Instagram парақшасын Харьков перзентханасының дәрігеріне берді

Ол UNICEF-пен бірлесіп Украинадағы арнайы операциядан зардап шеккендерді қолдау мақсатында қаржы жинамақшы.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Танымал футболшы Дэвид Бекхем 72 миллион жазылушысы бар Instagram парақшасын уақытша Харьков перзентханасының дәрігеріне беру туралы шешім қабылдады. Ол UNICEF-пен бірлесіп Украинадағы арнайы операциядан зардап шеккендерді қолдау мақсатында қаржы жинамақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Fontanka.ru басылымына сілтеме жасап. 

Дэвид Бекхем 20 наурызда жазба жариялап, өзінің парақшасын Харьковтегі перинаталды орталық басшысы Иринаға беретінін айтқан. Бұл орталықта әскери іс-қимыл кезінде әйелдер босанады. 

"Менің парақшамды бақылап, Ирина және өзге де дәрігерлердің Украинадағы өмірді сақтау үшін атқарған жұмысы жайлы көбірек білесіздер. Өтінемін, UNICEF-ке көмек көрсетіңіздер", - деді ол өз жазылушыларына.

Айта кетейік, бұған дейін Украинада бірнеше партияның қызметін тоқтатқанын хабарлаған едік. Бұл жайлы президент Владимир Зеленский айтқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары