22.03.2022, 11:20

Елдің батыс өңірінде боранға байланысты тас жолдар жабылды

Фото: ашық дереккөз
Көліктің барлық түріне жолда жүруге шектеу қойылды.

Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты тас жолдар жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

22 наурыз сағат 00:15-тен бастап БҚО-да боранға байланысты көліктің барлық түріне жолда жүруге шектеу қойылды. 

Орал – Тасқала – РФ шекарасы, 4-72 шақырым, Оралдан Тасқала кентіне дейін, Самара – Шымкент, 195-251 шақырым, РФ шекарасынан Оралға дейін, Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы, Подстепное кентінен Бурлинге дейін 0-96 шақырым.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.