$ 494.87  520.65  4.91

«Это – моя страна»: Газманов шерудегі әнінде Қазақстанды да қосып айтты (ВИДЕО)

«Казахстан наш» дей ме? Мәскеуде Қырымның Ресеймен қосылғанына 8 жыл толуына орай шеру-концерті өтті. Дәл осы шара арқылы үлкен аудиторияға Ресейдің басты мақсатын сіңіру көзделгені көрінеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мәскеуде Қырым мен Ресейдің қосылғанына 8 жыл деген тақырыпта шеру-концерті өтті. Бірақ ұйымдастырылған шарада Ресей әншісінің айтқан әні қазақ белсенділерінің алаңдаушылығын тудырды деп хабарлады turkystan.kz.

Олег Газмановтың «Это – моя страна» деген әнінен үзіндіні қоғам қайраткері Мұрат Әбенов орынсыз айтылғанын жеткізді.

««Казахстан наш» дей ме? Мәскеуде Қырымның Ресеймен қосылғанына 8 жыл толуына орай шеру-концерті өтті. Дәл осы шара арқылы үлкен аудиторияға Ресейдің басты мақсатын сіңіру көзделгені көрінеді. Әрине, бұған қарап, қазіргі көліктеріне саяси белгі жабыстырғандардың да қайда қарап ой түзейтінін айқын аңғарамыз. Әннің қай кезде, қалай жазылғаны маңызды емес. Маңыздысы, дәл қазіргідей екі ел арасындағы шиеленістің ушыққан уақытында қолданылуы ғой. Тіпті осы Газмановтың Ресей жеңісінен кейін Киев төрінде шығармашылық жеке концертін береді деген мемдер де тарап жатыр», — дейді Мұрат Әбенов.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары