22.03.2022, 20:08

Петропавлда ЖЭО-да қаза тапқан қызметкердің отбасына көмек көрсетіледі

Фото: ашық дереккөз
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ басшылығы мен ұжымы Петропавл ЖЭО-2-де қайтыс болған Наталья Чефонованың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Петропавлда ЖЭО-да қаза тапқан қызметкердің отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы "СЕВКАЗЭНЕРГО" компаниясының басшылығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"СЕВКАЗЭНЕРГО"АҚ басшылығы мен ұжымы Петропавл ЖЭО-2-де қайтыс болған Наталья Чефонованың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

"СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ басшылығы бұл жағдай қаншалықты қиын екенін түсініп, Наталья Чефонованың отбасына тұрғын үй жағдайын жақсарту, қайтыс болған қызметкердің бес жылдық жалақысы мөлшерінде өтемақы төлеу түрінде жан-жақты қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, Наталья Чефонованың баласының білім алу шығындарын жабады. Жерлеуді ұйымдастыруға байланысты барлық шығынды да өз мойнына алады", - деді компания өкілі.

Тағы оқыңыз:  Петропавлдағы апат: Үйінді астында қалып кеткен әйелдің денесі табылды

Компания қызметкері апат себебі мемлекеттік комиссияның қорытындысынан кейін анықталатынын айтты.