Ресей либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийдің жағдайы нашарлады, деп хабарлады "Известия" басылымы жағдаймен таныс дереккөзге сілтеме жасап.
Саясаткер қайтадан комаға жатқызылды, дәрігерлер оған септикалық шок диагнозын қойды.
11 наурызда ресейлік саясаткердің баспасөз қызметі Жириновскийдің екі апта комада жатқаннан кейін есін жиғанын хабарлады.
16 наурызда ол жасанды тыныс алдыу аппаратынсыз ұзақ уақыт жүре алатыны белгілі болды.
Айта кетері, Ресейдің мемлекет қайраткері 2 ақпанда орталық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Саясаткердің ауыр жағдайда жатқаны белгілі болды. Бір айдан астам уақыттан бері Владимир Жириновский жансақтау бөлімінде жатыр.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.