$ 443.85  474.3  4.8

Каспий құбыр желісіндегі апат: Қазақстан мұнай экспортының басқа бағытын қарастырып жатыр

Каспий құбыр желісі консорциумы тасымалданатын мұнай көлемін үш есе қысқартуы мүмкін.

Қазақстанның энергетика министрлігі Каспий құбыр желісі консорциумы теңіз терминалындағы апаттан кейін мұнай экспорттаудың балама бағыттарын қарастырып жатыр.

Қазір энергетика министрлігі консорциуммен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта энергетика министрлігі теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімі бойынша Каспий құбыр желісі консорциумымен кеңес жүргізіп жатыр. Сонымен қатар экспортталатын мұнайды балама бағдар арқылы жөнелтуді ұлғайту мәселесі де пысықталуда", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Каспий құбыр желісі консорциумы Новороссийсктегі теңіз терминалында екі айлақ қондырғысының жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты Каспий құбыр желісі консорциумы тасымалданатын мұнай көлемін үш есе қысқартуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#апат #Каспий