$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында РОП операторы 130 млн қарызы үшін сот алдында жауапқа тартылады

Айта кетсек, «РОП операторының» қызметі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның есімімен байланысты.

Қостанай облысында 130 миллион теңге қарызы үшін «РОП операторы» құрылымы сот алдында жауап береді.

«Ескі ауылшаруашылық техникаларын кәдеге жарату зауытын салған қостанайлық кәсіпкерлердің айтуынша, олардың жұмысы үшін толық ақша төленбеген. Ал бұл – 130 млн теңге, кәсіпкерлер салық пен жалақыны төлеу үшін несие алуға мәжбүр болған. Олар құрылысқа тапсырыс берушінің үстінен де сотқа шағым түсірді.

Бұл «Оператор РОП» ЖШС-не тиесілі кәсіпорын. Тақырыпты Татьяна Калюжная жалғастырады.

«Қостанайда жұмыс істемейтін ауыл шаруашылығы техникаларын кәдеге жарату зауыты былтыр көктемде салына бастады. 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді» делінген Алау басылымының хабарламасында.
лайда оның құрылысына атсалысқан мердігер «НҰР-Сервис Строй» ЖШС директоры атап өткендей, нысан әлі ресми түрде пайдалануға берілмеген.

«Қазір тапсырыс беруші құжаттарға қол қоюдан, бухгалтерлік есептен, құрылыстың атқару схемаларынан, 130 млн сомаға қарызды төлеуден жалтаруда. Жұмыс қабылданбаған, қол қойылмаған» дейді «Нұр-Сервис Строй» ЖШС директоры Денис Нефедов.
Несие алуға мәжбүр болдық…
Денис Нефедов «РОП Оператор» ЖШС-не қатысы бар «AutoRecycling» (Авто ресайлинг) ЖШС-мен келісімге қол қойғанын түсіндіреді. Жобаның жалпы құны 1,7 млрд теңгені құрайды. Жұмыс көлемін өтеу үшін «Нұр-сервис Строй» ЖШС жеті қосалқы мердігермен және жабдықтарды жалға берушілермен келісім-шартқа отырды. Олардың айтуынша, қазір олар да жұмсалған ақшаны ала алмай отыр. Мысалы, Василий Мезенцев ұйымы темір жолды салып, қазір ескі техника сақталған негізгі учаскенің жер жұмыстарымен айналысты. Осы жұмысы үшін оған 60 млн теңге қарыз болған.

«Бұл ақшаның негізгі үлесі салықтар, бізде ҚҚС көп, оны табу керек болды. Несиелік желілерді аштық, техника мен жанар-жағармайға ақы төлеу адамдар үшін үлкен жұмыс» дейді «Remput 2015» ЖШС директоры Василий Мезенцев.

Сергей Щур және оның адамдары су, кәріз және жылу желілерін тартуға жауапты болды. Оның айтуынша, 20 млн теңге төленуі керек еді, бірақ 6 млн теңге ғана төленген.

«Тапсырыс беруші Нұрсервиспен байланысқа шықпай, ешқандай хабарламаны елемей отырғанын айтты» дейді ДК басшысы Сергей Щур.
Айта кетсек, «РОП операторының» қызметі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның есімімен байланысты.

Еске салсақ, «Оператор РОП» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары