Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа салынған үйлердің бірінің төбесі құлады. Тұрғындар тиісті мекемеден толық тексеру жұмыстарын жүргізуді талап етіп отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл жайт туралы хабарлама мен кадрлар Instagram әлеуметтік желісіндегі zhivem_v_astane тобында жарияланды.
Үй тұрғындарының сөзінше, 22 наурыз күні "Sat City" тұрғын үй кешенінің "С" блогында подъездің гипсокартоннан жасалған төбесі опырылып түскен.
"Ғажайыптың күшімен адамдар шығып үлгерді. Егер ол адамдардың үстіне құлап кетсе, олар қаза табуы мүмкін еді. Компания бекер дүрбелеңге салынғанымызды жеткізіп, бұның "жеңіл конструкция" екенін айтты. Ал конструкция қалың гипсокортоннан жасалған және оның салмағы 30 келіге жетеді", - дейді тұрғындар.
Осы орайда тұрғындар құрылысқа жауапты компаниядан тұрғын үй кешенін толық тексеруден өткізуді, қажет болған жағдайда төбесінің барлығын қайта жасауды талап етуде.
Ал бұған жауапты SАT-NS құрылыс компаниясы KAZ.NUR.KZ тілшісіне оқиғадан хабардар екенін, әрбір подъезді тексеруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.