Крематорийдің құрылыс жұмыстары 2021 жылдың желтоқсанында аяқталды. "Бүгінгі таңда сыртқы инженерлік желілерді, оның ішінде орнатылған пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Крематорийді 2022 жылдың мамырында қосу жоспарда» деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Келісімшарт бойынша крематорий Алматы қаласы, Алатау ауданы Ақын Сара көшесінің солтүстік бөлігінде, ЖЭО-2 шығысына қарай орналасқан патологоанатомиялық бюро жанынан (сыртқы инженерлік желілерсіз) салынды.
Енді крематорийдің жұмыс істеу қағидалары, мәйтті кремацияға қабылдау ережелері дайындалып жатыр.
Айта кетсек, 2020 жылдың жазында крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын жасауға тендер жарияланған. Тапсырыс беруші – Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы. Құрылыс құны – 1,3 млрд теңге.