$ 494.87  520.65  4.91

Қауіпсіздік кеңесі хатшысы орынбасарының ұсталғаны расталмады

Ертең жұмысқа шығамын дейді.

ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновтың ұсталғаны жайлы ақпарат расталмады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін оның қаңтар оқиғасына байланысты «мемлекетке сатқындық жасады» деген айыппен тұтқындалғаны жайлы дақпырт тараған еді.

«Марат Шайхутдиновтың ұсталғаны жайлы ақпарат расталмады – ол өзі маған қоңырау шалып, бейнебайланыс арқылы жұбайын, қызын көрсетті. Ертең жұмысқа шығамын дейді. Оқиғаның қалай өрбитінін назарда ұстаймыз», – деп жазды журналист Михаил Козачков.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары