ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш пен Алматының бұрынғы әкімі, бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қамауға алынуы мүмкін.
«Дереккөз Самат Әбіш пен Бауыржан Байбектің жақында зынданға (абақтыға – ред.) түсуі мүмкін екенін хабарлайды» делінген хабарламада.
Дегенмен әзірге бұл туралы ресми мәлімдеме жоқ.
Бұған дейін, Самат Әбіштің туған ағасы Қайрат Сатыбалды мен оның бұрынғы жұбайы Гүлмира қамауға алынғандығын хабарлағанбыз.