$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда автобусқа жылқымен кірген ер адамға айыппұл салынды

Жылқы иесі ҚР ӘҚбК-нің 407-2 бабы 1-бөлігінің 5-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматыда жолаушылармен бірге автобусқа кірген жылқының иесі айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің бөлімшенің табиғатты қорғау полициясы бөлімі №12 автобуспен жылқысын тасымалдап келе жатқан Ж. есімді ер адам анықталған.

"Ол өз қатесін бірден мойындады. Жылқы иесі ҚР ӘҚбК-нің 407-2 бабы 1-бөлігінің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы ретте онымен алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары