$ 494.87  520.65  4.91

Ақорда «Жер сағаты» акциясын қолдады

Қазақстан аталған экологиялық акцияға 2009 жылдан бастап қатысып келеді.

Ақорда «Жер сағаты» жаһандық акциясын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Президенттің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Айта кетейік, бүгін жер-жерде дүниежүзілік «Жер сағаты» акциясы өтіп жатыр. Қазақстан аталған экологиялық акцияға 2009 жылдан бастап қатысып келеді.

«Жер сағаты» - дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлемде өткізіліп келе жатқан ең ауқымды халықаралық экологиялық шара.

Аталған шараға 180 ел, 7 мың қала қатысады.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша наурыз айының соңғы сенбісінде ел тұрғындары сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін үйі мен пәтеріндегі шамдар мен тұрмыстық электр құралдарын өшіреді.

Бұл акцияға мемлекеттік және жеке тұлғалар да қолдау көрсетеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары