$ 444.22  476.38  4.82

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын заңсыз көтеру фактілері тіркелді

Елімізде азық-түлік бағасын заңсыз өсіруге қатысты 749 факті анықталды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қолдан жасап, көтеру фактілері тіркелді. Елімізде азық-түлік бағасын заңсыз өсіруге қатысты 749 факті анықталды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық - түлік өнімдеріне рұқсат етілген бөлшек сауда үстемесінен асып кету фактілері-749 бұзушылық анықталды. Олардың көпшілігі: қант - 40% дейін, күнбағыс майы - 35% дейін, көкөністер-25%,- деп жазды Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында.

Сонымен қатар 19-25 наурыз аралығында Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының 1,7% - ға өсуі тіркелді жыл басынан бері ӘМАТ бағасының өсуі 9,9% - ды құрады. 

Бір апта ішінде ең көп қымбаттады: қырыққабат -11%, пияз - 9,3%, қант - 6,3%, картоп - 4,7%, сәбіз - 3,3%, тауық жұмыртқасы - 1,7%, - делінген Үкімет басшысының орынбасары жариялаған ақпаратта.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#азық-түлік