$ 494.87  520.65  4.91

Степногор жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны білгілі болды

Қазір 3 энергетикалық жылу агрегаторы мен бір су жылытатын қазандық жұмыс істеп тұр.
Энергетика министрлігі Степногор жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын хабарлады.
 
"Қазір 3 энергетикалық жылу агрегаторы мен бір су жылытатын қазандық жұмыс істеп тұр. Станциядан таралып жатқан жылудың температурасы 93-95С жоғары, бұл белгіленген кестеден жоғары. Кестеге сай температура 87С", - деп түсіндірді ведомстводағылар.
Орталықта апаттың салдары мен анықталған кемшіліктері жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Жұмыстар 28 наурызда кешке дейін аяқталады. Қазандықтар резервке енгізіледі", - деді министрліктегілер.
 
Степногордегі жылу электр станциясындағы апат 25 наурызда болды: екі энергетикалық қазандықта бірден тесік пайда болған.
 
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары