"Ақтөбеде желдің күшеюіне байланысты 12 шағын аудандағы айналма жолда орнатылған мемлекеттік ту уақытша алынды және тұңғыш президент атындағы орталық саябақта тұрған мемлекеттік ту жел басылғанға дейін түсіріліп қойылды", - делінген әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ақтөбе қаласы әкімдігі бұл тудың желдің салдарынан жыртылып қалмауы үшін жасалғанын түсіндірді. Жел басылған соң қайтадан орнына ілінеді. Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.