28.03.2022, 12:20

Доллар бағамы 490 теңгеден түсті

Қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы - 484,96 теңге.

Доллар бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Таңғы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,16 теңгеге төмендеп, 489,10 теңге болды. Доллардың 26-28 наурыздағы ресми бағамы 494,16 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы - 484,96 теңге, сатылымда - 490,03 теңге. Нұр-Cұлтандағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 485,49 теңгеден сатып алып, 490,07 теңгеден сатып жатыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.