$ 448.89  477.93  4.76

«Имансыз имам»: Діни басқарма «Зекет» қорының жұмысында «қателіктер» болғанын мойындады

«Имансыз имам»: ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» қорының директоры садақа мен зекет қаржысын ұрлап отырғаны рас па?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қорының жұмысында «қателіктер жасалғанын» растады. Алайда нақты қандай қателіктерге жол берілгенін ашық айтылмады, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы.

Былтыр «Зекет» қайырымдылық қорының директоры қорға түскен садақа есебінен отбасы мүшелеріне жоғары айлық тағайындап, жеке қажеттілігіне жаратып келгені туралы ulysmedia.kz порталында мақала жариялаған болатын.

Тағы оқыңыз: «Имансыз имам»: ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» қорының директоры садақа мен зекет қаржысын ұрлап отырғаны рас па?

Мақалада қор басшысы ақшаны өз пайдасына жаратқаны, қордың есебінен туған-туыстарына ақша аударып отырғаны жазылған.

Осы жағдай былтыр қараша айында тіркелген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен оның орынбасары,  наиб мүфти Ершат қажы Оңғарға бүгінгі баспасөз мәслихатында осы жағдайдан кейін қандай шара қабылданғаны сұралды.

«Сіздер осыған байланысты тексеру жұмыстарын жүргіздіңіздер ме? Шынында да, бұл факттар расталды ма? Жалпы қандай қорытынды жасалды?» деген сұраққа Ершат қажы Оңғар жауап берді.

«Әрине, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Зекет» қоры үлкен серпінді жұмыс жасап келе жатыр. Жұмыс болған кезде сын да болуы мүмкін. Алайда сіз айтып отырған факт бойынша, «Зекет» қорының сол уақыттағы басшысы біраз қателіктерді жібергені анықталды. Өз еркімен жұмыстан босады. Қазіргі күні елге танымал Қанат Қыдырмин бауырымыз тағайындалды. Бүгін де «Зекет» қоры елімізге қарқынды қызмет етіп жатыр. «Өмірге үміт сыйла», «Ел үлесі пәтерге» деген сияқты республикалық деңгейдегі акцияларда белсенді жұмыстар көрсетіп келеді», - деді Ершат қажы Оңғар.

Алайда Ершат қажы Оңғар «Зекет» қорының жұмысында нақты қандай қателіктер жіберілгені жайлы екінші сұраққа жауап бермей, ресми сауал жолдауды сұрады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#садақа #ҚМДБ