Халықаралық кодтарда түсетін қоңыраулар бұдан былай «Қазақстан» деп көрсетіледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Енді «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі, бұған дейін «Ресей Федерациясы» деген жазу шығатын.
Ведомство басшысы Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан мәселенің шешілгенін айтты.
«Енді «+77» және +76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі. Apple өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытқанын атап өткім келеді. Сөйтіп iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құрылғыларда аталған проблема шешілді», - деп жазды министр.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.