28.03.2022, 22:49

Украинаны басып алуға миллиардтаған ақша жұмсаған Ресейді өз агенттері алдап кетті

Журналист нәтижесінде ресейлік агенттер жұмыс істемегенін баса айтты.

Кремль 2014 жылдан бері ресейшіл саясаткерлер желісіне миллиардтаған доллар жұмсады. Бірақ соңында агенттердің жұмыс істемегені белгілі болды, ал агрессор елдің басшылығы ақшаны құр босқа далаға "шашты". Бұл туралы Bellingcat журналисі Христо Грозев мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, келесі аптада The Insider басылымымен бірге олар ФСБ-ның Украинада әртүрлі саяси қайраткерлерді қалай қалыптастырып, қаржыландырғаны туралы тергеуді жариялайды. Олар, атап айтқанда, Ресей армиясының шабуылынан кейін мемлекеттік төңкеріс жасауы керек еді.

"Бұл жерде біз рубль емес, миллиардтаған доллар туралы айтып отырмыз. Ол 2014-ші жылдан бастап бүгінгі күнгі дейін жұмсалды. Жоғары жалақы алатын 150-160 ФСБ офицері болды. Олар қағаз жүзінде жалданды, содан кейін белгілі болды... Иә, олар Тайландқа, Мальдивтерге, Кипрге олармен кездесу үшін ұшып жүрді. Олар бұл ақшаны кездесулерге жұмсады. Оларға қолма-қол ақша берілді ", - деді ол.

Журналист нәтижесінде ресейлік агенттер жұмыс істемегенін баса айтты.

«Бұл жерде тіпті ақшаны алған украиндық агенттер де оларды алдап кетті. Оларды жәй ғана "лақтырып кетті", -  деді Грозев.

Журналист Зеленскийдің Украинадағы ресейшіл партиялардың қызметіне тыйым салу туралы шешімін де қолдады - олардың арасында шынымен Кремль агенттері болған.

«Біз ФСБ-ның 150 офицерінен тұратын топтың активтерінің ішінде осы партиялардың өкілдерін көреміз. Демек, бұл мүлдем шынайы емес партиялар екені анық, оларды ФСБ бақылап, жетекшілік етті», - деп қосты ол.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Тегтер: Украина Ресей