$ 494.87  520.65  4.91

Елордада белгісіз біреу сауда орталығына «мина қойған»

Тексеріс барысында жарылғыш және өзге де күмәнді заттар табылған жоқ.
Нұр-Сұлтан полициясы "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығында "бомба" бар деп жалған хабар таратқан ер адамды іздестіріп жатыр.
 
29 наурыз түсте "Сарыарқа" сауда орталығының жұмыс нөміріне белгісіз ер адам телефон соғып, 8 минуттан кейін жарылыс болатынын хабарлаған. Әкімшілік дереу полиция шақырды.
 
"Оқиға орнына шұғыл қызметтер аттанды. Тексеріс барысында жарылғыш және өзге де күмәнді заттар табылған жоқ", - деп мәлімдеді елорданың полиция департаменті.
Сауда орталығының ғимаратынан 350 адам эвакуацияланған.
 
Қазір бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша шығынды өтеумен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
 
Қазіргі таңда полиция бомба туралы хабарлаған адамды іздестіріп жатыр.
 
sputnik.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары