Нұр-Сұлтанда қарлы боран салдарынан салдарынан бірқатар бағытқа қатынайтын автобустар тоқтады, - деп хабарлайды CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты № 300, 305, 308, 309, 312, 315, 316 бағыттардың қозғалысы тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Нұр-Сұлтанда дауылды ескерту жарияланған болатын. Қазгидрометтің мәліметінше, 30 наурызда бұрқасын, көктайғақ және қатты жел болады. Желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді.