30.03.2022, 10:40

Украинаға ара түскен журналист өзгеріп шыға келді

Фото: ашық дереккөз
Ол Италияның  RAI телеарнасына сұхбат беріп, «русофобияға» қынжылыс білдірді.

Ресейдің «Бірінші арнасының» бұрынғы аты-шулы редакторы Марина Овсянникова санкцияға байланысты пікірін өзгертіп шыға келді деп хабарлады turkystan.kz.

Ол Италияның  RAI телеарнасына сұхбат беріп, «русофобияға» қынжылыс білдірді.

Журналист бұл ойын Instagram-ға да жайып салды.

«Русофобияға жол беруге болмайды. Орыс халқы Украинада болып жатқан оқиғалар үшін ұжымдық жауапкершілік көтеруге тиіс емес. Бұған тек Владимир Путин ғана кінәлі. Мен Италияның RAI телеарнасының «Che tempo che fa» (біздің Урганттың хабарына ұқсайды) бағдарламасының тікелей эфирінде батыс санкцияларына қарсы сөз сөйледім. Бұдан ең әуелі қарапайым адамдар зардап шегіп жатыр. Менің анам мүгедек, қазір ол қажетті дәрі-дәрмектерін сатып ала алмай отыр. Менің қызым өзінің виртуалды картасымен мектепте түстік ас үшін ақша төлей алмайды. Дүкендердің сөрелерінде қант жоқ, күнбағыс майы мен гигиеналық құралдар таусылып келеді. Ресей студенттерін шетелдік ЖОО-лардан шығаруға, ресейлік музыканттар мен әртістердің концерттеріне тыйым салуға жол беруге болмайды. Тек мәдениет қана осындай қиын кезде бізді біріктіре алады», – деді ол.

Осыған байланысты Facebook, Telegram  әлеуметтік желісінде Марина Овсянникованың 14 наурыз күнгі әрекетінің – өтірік, фейк, жай көзбояшылық екені жазылды. Мысалы, Максим Яли Telegram арнасында сол күні-ақ, Овсянникованың әрекетін әшкерелеген материалдар шықты.