$ 494.87  520.65  4.91

Елордада электр қуатының үзілу себебі белгілі болды

Жарықтың өшуінің негізгі себебі - әуе желілеріне бөгде заттардың түсуі.

Нұр-Сұлтанның оң жағалауында қарлы боран салдарынан электр энергиясы жаппай үзілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана-АЭК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Екпінді жел мен жауын-шашын салдарынан 10 кВ электр желілерінде 30 технологиялық үзіліс болды, оның ішінде "Астана-АЭК" АҚ желілерінде - 20. Оның 18-і жойылды, екеуінде жұмыс жалғасып жатыр. Апатты қалпына келтіру жұмыстарына 19-дан астам бригада, арнайы техника мен дизель генераторлары жұмылдырылған. Жұмыс барлық тұтынушыны электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілгенге дейін жалғасады", - делінген хабарламада.

Жарықтың өшуінің негізгі себебі - әуе желілеріне бөгде заттардың түсуі. Салдарынан қысқа тұйықталу және элементтердің зақымдалуы тіркелген (сымдардың, оқшаулағыштардың, кабель желілерінің үзілуі).

Компания мәліметінше, көбінесе жеке секторда (Лесозавод, Кирпичный, Өндіріс) әуе желілері өшіп қалған. Электрмен қамтамасыз етілмеген тұтынушылар өтініштерді жедел-диспетчерлік қызметке мына телефондар арқылы бере алады:

• 620 456 (6-позиция):
• 79 69 44, WhatsApp: +7 701 081 6562
• Байқоңыр, Сарыарқа аудандары - 620 468;
• Алматы ауданы, Есіл 620 438, WhatsApp +7 778 132 3306

Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсінікпен қарауды сұраймыз, делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары