$ 498.34  519.72  4.85

Белгілі сарапшы теңгені құлдыратпау мен өзге валютаға тәуелді болмаудың жолдарын атады

Ресей рублі қанша құлдыраса да, бірақ теңгенің курсы өзгермейтін екі шарты бар.

Белгілі сарапшы теңгені құлдыратпау мен өзге валютаға тәуелді болмаудың жолдарын атады Бұл туралы «Желмая» жобасына сұхбат берген Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбеков айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.  

Сарапшы маман көптің көкейін тескен «теңгенің курсы қалай өзгеруі мүмкін?» деген сауалға қатысты өз пікірін ортаға салды. 

Ресей рублі қанша құлдыраса да, бірақ теңгенің курсы өзгермейтін екі шарты бар. Біріншіден, Ресейден келетін импортты 40%-ын 10-15%-ға түсіру. Сонда рубльдің курсы бізге еш әсер етпейтін болады. Екіншіден, осыған дейін айтып өткен төрт валюталық жыртықтың екеуін жамау, - деді экономист. 

Алайда бүгінде ол іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар деп отыр. 

Қазіргі жағдайда біздегі ахуал бұған сәйкес келмейді. Дегенмен, мұны жасауға әбден болады. Алдағы уақытта қандай да бір тауарлардың тапшылығы сезіле бастауы да ықтимал, - деп атап өтті Қайырбек Арыстанбеков. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#теңге